Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Армения ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Армения Республикасы азаматтық қызмет кеңесі арасында мемлекеттік қызмет бойынша меморандум құрылды.
Астана қаласы21 Мамыр , 17:04

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  төрағасы Әлихан Бәйменов Армения Республикасы азаматтық қызмет кеңесінің  төрағасы Манвел Бадалянмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Армения арасындағы екіжақты ынтымақтастық болашағын талқылады, деп хабарлайды агенттік.

Кездесу соңында мемлекеттік қызмет саласында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Аталмыш құжат бойынша сарапшылар кездесуі ұйымдастырылып, екі елдің мемелекттік қызметкрлеріне арналған іс-тәжірибеден өту мен кәсіби оқыту шаралары атқарылмақ.

Манвел Бадалян кездесу барысында Қазақстанның мемлекеттік қызмет реформасының тәжірибесіне үлкен қызығушылық білдіріп, соның ішінде «А» корпусының құрылуына көңіл аударды. 




Яндекс.Метрика