Халықаралық интеграция

Қазақстан Иранмен өзара тиімді және жемісті ынтымақтастықты дамыту қағидатын ұстанады – Н. Назарбаев

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АӨСШК IV Саммиті аясында Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әлемде21 Мамыр , 16:46

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелері, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Иранмен әрдайым өзара тиімді және жемісті ынтымақтастықты дамыту қағидатын ұстанып келгенін атап өтті.

Өз кезегінде Х.Рухани Қазақстан Иран үшін жақын көрші әрі маңызды ел екеніне тоқталды және Қазақстан-Түркіменстан-Иран теміржолы екіжақты сауда қарым-қатынасының дамуына оң әсерін тигізеді деп үміттенетінін атап көрсетті.




Яндекс.Метрика