EXPO-2017

«ЭКСПО-2017» ұйымдастыру комитеті әріптестік туралы жаңа меморандумға қол қойды

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, «Жасыл» экономика мен G-Global даму» коалициясы және Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы әріптестік туралы Меморандумға қол қойды.
Астана қаласы21 Мамыр , 16:29

«Меморандум бірлескен жұмыстарға бастама болады. Осы арқылы бізде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін талқылау бойынша халықаралық деңгейдегі көптеген форумдар мен сессиялар өткізіледі.  Олар 4 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Біз олардың тәжірибесін қолдана отырып пікір алмасу, технология алмасу мен «жасыл» экономиканы талқылау секілді шараларды өткізбекпіз», - дейді Т.Ермегияев.

Оның айтуынша, ірі шараны өткізу тәжірибесі сауатты және жан-жақты ойластырылған стратегия  мен дұрыс ұйымдастыру шараларының елге ірі көлемде инвестиция тарту мен ел экономикасының дамыуына ықпал ететінін көрсетті.

«ЭКСПО аумағы алдағы уақытта қаланың ерекше орнына айналмақ. Биылғы жылдың маусым айында Халықаралық көрме бюросының 155 Бас Ассамблеысынан біз көрменің ресми танылуын күтеміз.   Осында ХКБ ресми байрағының Қазақстанға табысталу рәсімі өтеді. Содан кейін біз халықаралық қатысушыларды шақыра бастаймыз», - дейді Т.Ермегияев.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика