Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Әлеуметтік ынтымақтастық үшін жаһандық қауіпсіздік түсінігі ауадай қажет – Х. Конколевски

Бүгін АЭФ аясындағы әлеуметтік серіктестік мәселелеріне арналған панельді сессия барысында халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының бас хатшысы Ханс-хорст Конколевски әлеуметтік қауіпсіздіктің жаһандық түсінігі әлеуметтік ынтымақтастық үшін ауадай қажет екендігін атап өтті.
Астана қаласы21 Мамыр , 16:22

«Әлеуметтік қауіпсіздіктің жаһандық түсінігі әлеуметтік ынтымақтастық үшін  ғана емес, экономикалық даму үшін де қажет. Бүгін біз әлеуметтік қамсыздандыру көзқарасынан экономикалық тұрақты қамту деңгейіне өтеміз», - деді Х. Конколевски.

Сондай-ақ, ол ұйым қоғамды барынша жұмыспен қамтуды қарастырып жатқандығын мәлімдеді.

«Біз сол себепті сессияға қатысушылардың пікірін тыңдағымыз келеді. Олардың ұсыныстары арқылы біз тараптардың қызығушылығы мен әлеуметтік қамсыздандырудың жаңа пішінін құрастыруға мүмкіндік аламыз», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін елордада Астана экономикалық форумы өтуде. Оған 150 елден келген 10000 делегат қатысуда. БҰҰ 143 қатысушы-елдің меморган өкілдері  де шара жұмысына қатысты.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика