Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Грузия ынтымақтастық туралы Хаттама жобасына қол қойды (ФОТО)

Бүгін VII Астана экономикалық форумы аясында Қазақстан Республикасы Әділет министрі Берік Имашев пен Грузияның «Сакпатенти» зияткерлік меншік ұлттық орталығының төрағасы И.Гваладзенің «1997 жылдың 11 қарашасындағы өнеркәсіп меншігін қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Келісімге өзгерістер енгізу туралы» Хаттама жобасына қол қою рәсімі өтті.
Астана қаласы 21 Мамыр, 16:12

Айта кету керек, екіжақты Келісім аталған мемлекттердегі өнеркәсіп нысаны азаматтарының құқығын тіркеуге байланысты мәселелерді реттейді.

Жалпы, аталмыш құжатқа қол қою Қазақстанның ДСҰ-на ену жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік беріп, сонымен қатар зияткерлік меншік құқығын қорғау мен сақтау саласындағы Қазақстан-Грузия қатынасын жаңа деңгейге көтеруге жол ашады.  

Естеріңізге сала кетейік, бүгін VII Астана экономикалық форумы аясында контрафактілі өнімді таратуға қарсы күрес мәселелері бойынша ІІ Халықаралық «Антиконтрафакт» форумы өтті.

«Антиконтрафакт» форумы – билік, бизнес, ғылым, өндіруші, авторлар мен контрафактілі өнімге қарсы күрес, зияткерлік меншік нысаны құқығын қорғау мен тауар мен қызметтің өркениетті нырығын құру саласында диалог құруға арналған халықаралық алаң болып табылады. 

Камила Амирова

Фото- Азамат Алиев





Дерекнама

Яндекс.Метрика