Жұмыспен қамту мен еңбектің жаңа саясаты - Қазақстан – Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

ЖҚЖК-2020 аясында 260 мыңға жуық адам қолдауға ие болды – Т. Дүйсенова (ФОТО)

Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы аясында 2011 жылдан бастап 260 мыңға жуық адам қолдауға ие болды. Бұл туралы VI Астана экономикалық форумы аясында өтіп жатқан әлеуметтік серіктестік мәселелеріне арналған панельдiк сессия барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.
Астана қаласы 21 Мамыр, 16:06

«Қазақстанда «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы аясында  белсенді ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде. Ол тұрақты жұмыс орнын ұсынуды, жастарға тәжірибе орындарын беруді  қамтамасыз етеді. Бағдарлама жүзеге асқаннан бастап яғни 2011 жылдан бастап мемлекеттік қолдауға 267,9 мың адам ие болды. Оның ішінде 57 пайызды 29 жасқа дейінгі жастар құрайды», - деді Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, 2013 жыл бойынша бағдарламаның негізгі нәтижесі жұмыссыздықтың саны 5,2 пайызға дейін қысқару,  ал жастар арасында 5,5 пайызға кему.

«Әлеуметтік серіктестермен бірлесе салалық нормативтік құқықтық еңбек актілері, еңбекті қорғау саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің заңнамаларымен үйлестіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізу жоспарланып отыр», - деді ол. 

«Сондай-ақ, жұмыс берушіге де, жұмысшыға да түсінікті әрі ашық еңбек жағдайы бойынша өндірістік нысандарды аттестаттау тәртібін енгізу көзделген», - деп қосты министр.

Мадина Нұрбекова 

Фото-Азамат Алиев





Дерекнама

Яндекс.Метрика