Жұмыспен қамту мен еңбектің жаңа саясаты - Қазақстан – Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

2020 жылға дейін 900-ге жуық кәсіптік стандарт әзірленеді – Т. Дүйсенова

Бүгін VI Астана экономикалық форумы аясында өтіп жатқан әлеуметтік серіктестік мәселелеріне арналған панельдiк сессия барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2020 жылға дейін елімізде 900-ге жуық кәсіптік стандарт әзірленетіндігі туралы мәлімдеді.
Астана қаласы21 Мамыр , 15:51

«Өткен жылы 257 кәсіптік стандарт әзірленді. Биылғы жылы тағы 147 стандарт дайындалады. Жалпы алғанда, 2020 жылға дейін экономиканың барлық салаларына қатысты 900-ға жуық кәсіптік стандарт әзірлеу жоспарланып отыр. Кәсіптік білім берудің өндіріс сұранысымен байланысын қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөлінеді», - деді Т.Дүйсенова. 

Министр атап өткендей, оның ережелеріне сай әрбір жұмыс орнында кәсіптік тәуекелдерді басқару жүйесі енгізіледі. 

«Кәсіптік стандарттар оқу жоспарлары мен мамандарды қайта дайындау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламаларының негізі болады. Сондай-ақ сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін құру жоспарланып отыр», - деп қосты министр.

Мадина Нұрбекова




Дерекнама

Яндекс.Метрика