Евразиялық одақ

ЕАЭО тек еркіндік, тең құқықтылық, өзара тиімділік қағидаттары мен әр қатысушы елдің прагматикалық мүмкіндіктерін есепке алғанда ғана мүмкін

Мен Еуразиялық Одақ тек еркіндік, тең құқықтылық, өзара тиімділік қағидаттары мен әр қатысушы елдің прагматикалық мүмкіндіктерін есепке алғанда ғана мүмкін деген ұстанымда болып келдім және соның берік жақтаушысы болып қала беремін, деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де дәріс оқу барысында айтты.
Астана қаласы29 Мамыр , 09:10

«Мен Еуразиялық Одақ тек еркіндік, тең құқықтылық, өзара тиімділік қағидаттары мен әр қатысушы елдің прагматикалық мүмкіндіктерін есепке алғанда ғана мүмкін деген ұстанымда болып келдім және соның берік жақтаушысы болып қала беремін. Бұл бастама қазір Еуразиялық интеграция деп аталып жүрген жаңа тарихи үдеріс үшін қадам басар нүктеге айналды.Біріншіден, сол уақыттағы ТМД-дағы көптеген саясаткерлер үшін түсініксіз және лайықты бағаланбаған менің идеям бүгін іскер топтарда және қоғамдық-гуманитарлық деңгейде кең қажеттілікке айналды», - деді Елбасы.  

Сондай-ақ, ол қазіргі заманғы еуразиялық бастама ешқашан шындықтан алшақ болмағанын ерекше атап көрсетті.

«Бірінші кезекте, ол тәуелсіздік пен саяси егемендік интеграциялық үдеріске қатысушы барлық мемлекеттер үшін басымдыққа ие екенін әркез есепке алып келді.Сонымен бір мезгілде, оның мәні әуелден Қазақстанның, Ресейдің, Беларусьтің, сондай-ақ, Еуразия кеңістігіндегі басқа да елдердің қарапайым азаматтарының мүдделері туралы шынайы қамқорлықта жатқан еді», - деді ҚР Президенті.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика