Экология

Бизнес пен өндірісті дамытуды бір уақытта жүзеге асыру қажет – С. Тимашев

Бизнес пен өндірісті дамытуды бір уақытта жүзеге асыру қажет. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Нобель сыйлығының лауреаты, «Тұрақтылық пен көлік жүйесінің ресурсы» ҒЗО директоры Святослав Тимашев мәлімдеді.
Астана қаласы21 Мамыр , 15:23

«Жаһандық жылыну құбылысының болып жатқаны жасырын емес. Бұл пікірді жоққа шығаратындар болғанымен, олардың саны күн санап азайып келеді. Шамамен 2007 жылдан бастап жаһандық жылыну мәселесі ғылыми тұрғыдан гөрі жаһандық саяси мәселе ретінде таныла басталды. Бұл БҰҰ-нан басталды. Осы тұрғыда жаһандық жылыну мәселесімен ұлттық деңгейде күресу қажеттілігі туралы алғаш айтқан мемелекет Қазақстан болды», - дейді С.Тимашев.

Оның айтуынша, біз осылайша өзіміздің жаңа өмірімізді құрып, сонымен қатар кәсіпкерлікті де қатар алып жүруіміз керек. Осы арқылы ғана өндіріс екі жақты пайда әкелмек.

«Бұл біріншіден, кәсіпкерлік пайда болса, екінші жағынан адам факторының жаһандық климаттың өзгеруіне деген әсерін жою. «Жасыл Академияның» негізігі жұмыс бағыты осы», - дейді ғалым.  

Сонымен қатар, С.Тимашев қазіргі таңда қарқынды дамып келе жатқан бағыттарды атап көрсетті. «Бұған себеп ғылыми-техникалық және бизнес-технологиялық барлық технология адам факторына байланысты», - дейді ол. 

Камила Амирова 




Яндекс.Метрика