Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

АЭФ аясында «жасыл» бизнеске инвестиция тарту мәселесі талқыланды – Б.Есекина

АЭФ аясында өткізіліп отырған «SmartGreenBusinessForum» панельді сессиясында халықаралық сарапшылар «жасыл» бизнеске инвестиция тарту мәселесін талқылады, дейді Астана экономикалық форумы аясындағы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің бүгінгі көшпелі брифингінде NESDCA/ «Жасыл экономика» жобасының президенті Бақыт Есекина.
Астана қаласы21 Мамыр , 15:02

«Бүгін VII АЭФ аясында Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі ЕО делегациясының Қазақстандағы әріптестерінің қолдауымен «Жасыл Академия» ғылыми-оқыту орталығымен бірлесе отырып «SmartGreenBusinessForum» панельді сессиясын өткізді. Сессия барысында Мемлекет басшысының бастамасы «Жасыл өткел» әріптестік бағдарламасын ілгерілету, нарықтық жеңілдету механизмдері мен климаттың өзгеруі мәселелерін талқылады», - дейді Б.Есекина.

Оның айтуынша, шарада «жасыл экономика» үшін білім трансферті бағыттары мен механизмдері, «жасыл» бизнеске инвестиция тарту, орман секторындағы кәсіпкерлікті дамыту мен таза су қолжетімділігіндегі бизнес шешімі туралы әңгіме өрбіді.

«Форум аясында біз Еуроодақ, АҚШ, Оңтүстік Корея, РФ мен ТМД-ның өзге  елдерінен сарапшылар шақырттық. Сессия қорытындысымен VII АЭФ  қатысушы мемлекеттерінің үкіметі мен қауымдастығына «жасыл стратегияны» дамыту, VII АЭФ қатысушы мемлекеттерді қолдау шараларын дайындау, ұлттық және өңірлік деңгейде «жасыл» бизнесті дамыту стратегиясы ұсынылды», - дейді сарапшы. 

Камила Амирова 




Яндекс.Метрика