G-global

Қ.Жақыпов: Қазақстан Президентінің G-Global идеясы өзінің қажеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов VII Астана экономикалық форумына келген Ливан Парламентіндегі «Мустакбаль» басшылық блогының жетекшісі, экс-премьер-министр Фуад ас-Синиорамен кездесті.
Астана қаласы21 Мамыр , 14:48

Олар Қазақстан-Ливан мәселелері бойынша және парламенттік, ынтымақтастық жайында  екіжақты пікір алмасып, күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерге де назар аударды.

Қабиболла Жақыпов әлем бүгінгі экономикалық және қаржылық дағдарыс жағдайында алдымен келісім мен ұжымшылдық және жан-жақтылыққа көңіл аударып отырғанына тоқталды.

«Осы жағынан алып қарағанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың G-Global идеясы өзінің әлемге қажеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр»,- деп атап өтті Мәжіліс Төрағасы.

Өз кезегінде Фуад ас-Синиора  Қазақстанмен ынтымақтастық көкжиегін кеңейтудің Ливан үшін маңызына тоқталып, біздің елдің барлық бағытта қарқынды дамып отырғанын атап өтті.

«Бұл өркендеуде 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын нақтылап қойған сіздердің Президенттің еңбегі зор»,- деді ливандық парламентші.

Тараптар Қазақстан мен Ливан өз аймақтарында тұрақтылық пен сенім жағдайында белсенді жақтастар  екендігі жөнінен бір көзқараста болып шықты.

«Қазақстан Таяу Шығыстағы тұрақтылық пен бейбітшілікке өте мүдделі»,- деді Қабиболла Жақыпов.

Екі жаққа пайдалы қазақстан-ливан ынтымақтастығын кеңейту, экономикалық байланысты өрістетіп, құқықтық-шарттық  базаны дамытып, банк саласында да тәжірибе алмасу жұмыстарын ұлғайту жайында әңгімелесті.

Қабиболла Жақыпов пен Фуад ас-Синиора  парламентаралық байланыстарды нығайту жайында өз пікірлерін білдірді. Тараптардың ойынша, парламенттердің салалық комитеттерінің тұрақты байланысы осы жолда көп үлес қосатын көрінеді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика