EXPO-2017

ЭКСПО-2017 көшпелі туризмді дамытуға жол ашады – И.Простаков (ФОТО)

2017 жыл дамушы Қазақстан елінің тарихында қалатын болады. Оған себеп өткізілгелі отырған «ЭКСПО-2017» көрмесі. Бұл туралы бүгін VII Астана экономикалық форумы аясында Коммуникациялық мәселелер бойынша ХКБ бас хатшылығы кеңесшісі Иван Простаков мәлімдеді. Сонымен қатар, ол аталмыш көрмені өткізудің нәтижесінде пайда болатын Астананың инвестициялық тартымдылығының жоғарылайтынын айтты.
Астана қаласы 21 Мамыр, 14:44

«ЭКСПО мүмкіндіктері ұзаққа барады. Бірінші кезекте, бұл қала құрылысына байланысты. Жаңа инфрақұрылымдық нысандар пайда болып, транспорттық инфрақұрылым мен қонақ үй бизнесінің тасы өрге домалайды.  Осының барлығы қаланың инвестициялық тартымдылығын арттырып, өңірді туристік, және кәсіпкерлік аймақ етеді. Мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылады», - дейді И.Простаков.

«Дәл Қазақстанның өзіне келер болсақ, энергетикалық тақырып Қазақстанды халықаралық беделді алаң ретінде танытып, жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік бермек», - дейді ол.

Оның айтуынша, ЭКСПО-2017 тек туризмнің ғана емес, сонымен қатар оның көшпелі түрінің де дамуына жол ашады. Сонымен қатар, халықаралық көрме конгрессивті жән көрме туризмі қызметтерінің жаңа түрлерінің нақты базасын құруға жағдай жасайды.

«Осы нәтижеге қол жеткізу үшін бірқатар шарттарды қиыстыру қажет. Бұл бірінші кезекте ортақ тақырып. Бұл көрмеге қатысатын мемлекеттер мен өткізуші елдердің өзі үшін де өте маңызды», - дейді И.Простаков.

Мадина Нұрбекова

Фото-Азамат Алиев





Яндекс.Метрика