Халықаралық интеграция

Н. Назарбаев АӨСШК негізінде жаңа ұйым құруды ұсынды

АӨСШК саммитінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АӨСШК базасында Азияның дамуы мен қауіпсіздігі ұйымын құру қажет екендігіне сенім танытты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әлемде21 Мамыр , 14:31

«Ол ЕЫҚҰ-ға  бәсекелестік туғызуы тиіс. Батыс Шығыстан шалғайда жатыр, демек өзара  ынтымақтастық пен қарым-қатынастан ада, олар тұрақты түрде дами алмайды», - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев бар әлем 6 жыл бұрын енген жаһандық дағдарыс қазір қаржылық-экономикалық саланы жаулап қана қоймай, әлеуметтік-саяси және рухани-мәдени  салаға ауыз салып жатқандығы туралы атап өтті.

«Бұл жалпы зияткерлік дағдарыс ол жүйелік мәнге ие. Сондықтан да Азия елдеріне өз аймағын дамытуға белсенді араласқан жөн. Бұл үрдісте маңызды құрал АДҚҰ  болып табылуы мүмкін. АӨСШК мүше елдерін аталмыш сұрақты кейінге қалдырмауға шақырамын», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы сөз соңында халықаралық ұйымның болашағы  сенімділік пен достықтың негізінде құрылатындығын атап өтті. 




Яндекс.Метрика