Халықаралық интеграция

Қаржы министрі корейлік әріптесімен ынтымақтастық болашағын талқылады

VII Астана экономикалық форумы аясында ҚР Прмьер-Министрі орынбасары – Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Корей Халық-Демократиялық Республикасының қаржы министрі Цой Кван Зинмен кездесті.
Астана қаласы21 Мамыр , 14:26

«Қазақстан Корей Халық Демократиялық Республикасымен ынтымақтастыққа ерекше мән береді. Ынтымақтастықтың Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен географиялық байланысты нығайтудағы маңызы зор», - дейді Б.Сұлтанов.

«Корей Халық Демократиялық Республикасы делегациясының VII Астана экономикалық форумына қатысуы екі елдің саяси және экономикалық қатынастырын кеңейту мүмкіндіктерін ұсынады», - дейді КХДР қаржы министрі Цой Кван Зин.

Оның айтуынша, КХДР Үкіметі Азия елдерімен, соның ішінде Қазақстанмен өзара іс-қимылға ерекше көңіл аударады. «Біз екіжақты қатынасты дамытудың институционалдық базасын құру мүмкіндіктерін табамыз деп үміттенеміз», - дейді Цой Кван Зин.




Яндекс.Метрика