Атаулы әлеуметтік қолдау

Петропавлда мүгедектерге арналған спорт клубы ашылады (ФОТО)

Петропавлда мүгедектерге арналған «Үміт» спорт клубы ашылады.
Солтүстік Қазақстан 27 Желтоксан, 00:00

Облыс орталығында мүгедектер арасындағы спорт бойынша облыс активі өтті. Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Руслан Есеналин облыста 27 мыңға жуық мүгедектің тіркелгенін, олардың қатарында 2 мыңнан астам бала мен жасөспірімнің бар екенін айтты.

Петропавлда ересек адамдармен жұмыс «Қарасай» жоғары спорт шеберлігі мектебінің базасындағы секциялық сабақтар аясында жүзеге асады. Онда 9 спорт түрі бойынша 52 мүмкіндігі шектеулі азамат оқиды. 2012 жылы облыстың мүгедек спортшылары 31 дене шынықтыру-спорт шарасына қатысты.

Жеңіл атлетикадан халықаралық санаттағы спорт шебері Сергей Харламов Лондондағы Паралимпиада ойындарына қатысты.

2012 жылғы талдаудан облыс мүгедектерінің көбінің дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық сабақтармен қамтылмағаны белгілі болды. Осы мақсатта туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы облыс әкімшілігіне мүгедектер клубын ашу туралы өтініш жасады. Бастаманы облыс әкімі Серік Біләлов қолдады. Қаржы бөлінді және 2013 жылдың басында әртүрлі жастағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған "Үміт" спорт клубын ашу жоспарланып отыр. Шара соңында үздік мүгедек спортшылар марапатталды.





Дерекнама

Яндекс.Метрика