Халықаралық интеграция

Б.Сұлтанов Швейцария Елшісі А.Каррермен кездесті

VII Астана экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов халықаралық-қаржы мәселесі бойынша Швейцарлық Конфедерация Федералды қаржы департаментінің мемлекеттік хатшысының орынбасары, Елші Александр Каррермен кездесті.
Астана қаласы21 Мамыр , 14:11

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Атап айтар болсақ, Бреттон-Вудский институттары аясындағы ынтымақтастық пен ХВҚ атқарушы директоры бюросы аясындағы әріптестік жағдайы назарға алынды.

Сонымен қатар, өзара тәжірибе алмасу мен ведомстворалық ынтымақтастық, қаржы нарығын тұрақтандыру шаралары, қаржы секторындағы лаңкестікке қарсы  амалдар, кедендік саланың күн тәртібіндегі мәселелері ортаға тасталды, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі.

«Қазақстанның Швейцарлық топқа енуі Бреттон-Вудский институттары, ХВҚ мен Дүниежүзілік банкте мемлекеттің мүддесін таныстыруға мүмкіндік берді», - дейді ол.

Қаржы министрі Швейцарлық топтан қатысушы мемлекеттердің ХВҚ Басқарушылары кеңесі мүшелерінің қызметін нақты үйлестурдегі топ жетекшілігі рөлінің маңызын атап өтті (Швейцарлық топтың атқарушы директоры – г-н Рене Вебер, Швейцария өкілі). Соның ішінде ХВҚ реформаларын қараудағы бірыңғай саясатты ерекше атап өтті.

Александр Каррер өз кезегінде Қазақстан экономикасының жетістігін атай келе, елдің экономикасының өрлеуінде мемлекет үкіметінің еңбегін тілге тиек етті. 




Яндекс.Метрика