EXPO-2017

ЭКСПО-2017 аймағы Астананың бірегей бөлігіне айналады – Т. Ермегияев

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Талғат Ермегияев VII Астана экономикалық форумы аясында халықаралық көрме аймағы қаланың бірегей бөлігіне айналатындығы туралы мәлімдеді.
Астана қаласы21 Мамыр , 13:54

«Ауқымды шараларды өткізу тәжірибесі көрсеткендей, нық стратегияның болуы ел  дамуының басты қозғаушы күшіне айналып, ел экономикасын өрге жетелейді», - деді Т. Ермегияев.

Айта кетейік, 2014 жылдың сәуір айында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көрме құрылысының капсуласын салған болатын.

«ЭКСПО аймағы қаланың бірегей бөлігіне айналады. Ағымдағы жылдың маусым айында 155 Бас Ассамблеясының Халықаралық көрме бюросында біз көрменің ресми  күшіне енгенін күтеміз. Шарада Қазақстанға ресми ту берілмек. Үрдістен кейін біз халықаралық қатысушыларды шақыра бастаймыз», - деді Т. Ермегияев.

Айта кетерлігі, бүгін Үкімет ЭКСПО-2017 нысандарына ерекше көңіл бөлуде.

Т. Ермегияевтың айтуынша, ЭКСПО-2017 ұлттық дәрежедегі оқиға болып есептеледі, сондықтан да  Қазақстан азаматтарының көрмеге белсенді қатысуы деңгейді арттыра түседі.

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика