EXPO-2017

Р. Жошыбаев ЭКСПО-2017 өткізудің артықшылығы туралы баяндады

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізудің артықшылығын үш өлшеммен қарау керек: халықаралық, мемлекеттік және жергілікті деңгейде. Бұл туралы бүгін ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары, ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев VII Астана экономикалық форумы аясындағы «ЭКСПО-2017» - тұрақты даму энергиясы» панельді сессиясында мәлімдеді.
Астана қаласы21 Мамыр , 13:04

«ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізудің артықшылығын үш өлшеммен қарау керек: халықаралық, мемлекеттік және жергілікті деңгейде. ЭКСПО-2017 көрмесі халықаралық деңгейде энергияүнемдеудің үздік әлемдік тәжірибесін тартып, баламалы қуат көздерінің жаңалықтарын енгізуге мүмкіндік береді», - дейді Р.Жошыбаев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, шара мемлекеттер арасындағы саяси, ғылыми-техникалық, әлеуметтік ынтымақтастыққа жол ашпақ.

«ЭКСПО-2017 көрмесінің мемлекттік деңгейдегі пайдасы – ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық әсері мен Қазақстанның жасыл экономикаға өту жоспарына қуатты серпін беруі», - дейді ол.

Оның пікірінше, 3 айлық көрмеден кейін Астанаға аталмыш шараның мұрасы ұзақ уақытқа дейін жұмыс істеп, қаланың дамуына қарқын қоспақ.

«Жергілікті деңгейдегі пайдасына келер болсақ, көрменің өткізілуі экономиканың ірі секторларына ғана әсерлі ғана емес, елорданың дамуында айтарлық мәнге. Атап айтар болсақ, ол құрылыс, инфрақұрылым, туризм, шағын және орта кәсіпкерлік, қонақ үй бизнесі мен қызмет көрсету саласы», - дейді. 

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика