Инвестициялар

«Астана – жаңа қала» АЭА аясында 50 жоба жүзеге асады

«Астана-жаңа қала» арнайы экономикалық аймақ аясында 1 млрд АҚШ долларын құрайтын 50 жоба жүзеге асырылады, деп «AstanaInvest-2014» форумында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді.
Астана қаласы21 Мамыр , 12:58

«Қазақстан елордасында инвестициялық қызметтің жүзеге асуына ең қолайлы жағдай жасалған. Біріншіден, республикалық және өңірлік деңгейде инвесторларды қолдау кешенді құралдары бар. «Инвестициялар туралы» Заңда инвестициялық стратегиялық жобаларды жүзеге асыру барысында қолданылатын инвестициялық басымдылықтар көрсетілген. Мәселен, көлікке салынатын кедендік баж салығынан  7 жылға дейін босату  инвестициялық стратегиялық жобаларды жүзеге асыруда қолданылады », - деді ол.

Оның айтуынша, инвестициялық стратегиялық жобалар үшін өндірістік жеңілдіктер де қарастырылған.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер Астанадан баж салығынсыз КО нарығына шыға алады.

«Астана –жаңа қала арнайы экономикалық аймағы қызмет істеуде. Оның басты күші-индустриялды парк. Онда бүгіннің өзінде 1 млрд АҚШ доллары көлеміндегі инвестицияның тартылуын қарастыратын 50 жобаны жүзеге асыру көзделген»,- деді Астана әкімі.

Камила Амирова




Дерекнама

Яндекс.Метрика