Инвестициялар

Астананың басты міндеті - әлемнің алдыңғы қатарлы қалаларының біріне айналу – И.Тасмағамбетов

Астананың басты міндеті - әлемнің ең алдыңғы қатарлы қалаларының біріне айналу. Бұл туралы бүгін Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетов AstanaInvest-2014» V халықаралық инвестициялық форумында мәлімдеді.
Астана қаласы21 Мамыр , 12:23

«AstanaInvest-2014» - дүние жүзінің түрлі саладағы үздік мамандарының басын қосатын әмбебап алаң болып табылады. Бүгінде біз Мемлекет басшысының қолдауымен ел экономикасына инвестиция тарту  жұмыстарының нәтижесін көріп отырмыз.  Жаңа идеялар мен ғылыми жаңалықтар, жаңа технологияларға батыл енгізетін қажетті инвестиция біздің елдің қарқынды дамуындағы басты фактор болып табылады», - дейді ол.

Оның айтуынша, Астананың басты міндеті даму жолынан жаңылмай, әлемнің ең алдыңғы қатарлы қалаларының біріне айналу.

«Ол үшін біздің кәсіпкерлік ортаның сенімінен шығып, инновациялық жобалар үшін олардың инвестициялық әлеуетін  пайдалануымыз қажет. Біздің жас қаламызға инвестиция салу қашанда бағаланады және жемісті. Осы форумда біз дәстүрімізден жаңылмай инвестиция саласының басты мәселелері мен оны шешу жолдарын талқылаймыз», - дейді әкім. 

Камила Амирова




Яндекс.Метрика