Инвестициялар

Үкімет инвестиция тарту бойынша жаңа кешенді бағдарлама дайындады – К. Мәсімов

Қазақстанның Үкіметі инвестиция тарту бойынша жаңа кешенді бағдарлама дайындады, деп «AstanaInvest-2014» V Халықаралық форумында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлімдеді.
Астана қаласы21 Мамыр , 12:07

«Бәсекелестіктің әлемдік деңгейінде  инвестицияны қорғау жағынан  көрсеткішіміз көңіл көншітеді. Үкімет инвестицияны тарту бойынша жаңа кешенді бағдарлама дайындады. Заңнама жобасы Парламентке жақын арада ұсынылады. Бұл шаралар инвестициялық климатты  жақсартуға, бизнестегі әкімшілік кедергілерді алып тастауға  бағытталған», - деді К. Мәсімов.

Оның айтуынша, салық тұрақтылығы, жаңа механизмдер мен гранттарға  бағытталған. «Бұл инвестициялардың тартылуын шетелден жұмыс күшін тартумен қатар жүргізеді».

«Астана қаласы  халық дамуында негізгі рөлге ие  Қала - елдің жылдам дамып жатқан  қалаларының көшбасшысы. Сондай-ақ, ол интеллектуалдық орталық  болып есептеледі. Әлемдік деңгейдегі Назарбаев Университеті мен зерттеу университеттері және емдеу мекемелері  тоғысқан ірі орталық», - деді Премьер-Министр. 




Яндекс.Метрика