Инвестициялар

Қазақстан жаңа инвестицияларға ашық болуы тиіс – К. Мәсімов

Қазақстан жаңа инвестициялар мен бағыттар үшін икемді болуы керек, бұл туралы бүгін «AstanaInvest-2014» V халықаралық форумында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлімдеді.
Астана қаласы21 Мамыр , 11:52

«Бұл шара 5 жыл ішінде танымал деңгейге жетті. Ол бар әлем бойынша инвесторлар мен компаниялардың басын біріктіреді. Бұл ел елордасының өзгеруінің бірінші санаты. Астана бүгінде халықтың даму хабына айналды», - деді К. Мәсімов.

Ол атап өткендей, «Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2050 жылға дейін даму Стратегиясын ұсынды. Стратегия жаңғыртылу мен 30 дамыған ел қатарына енуге бағытталған».

«Бізге жаңа инвестициялар мен бағыттар үшін икемді болу керек. Бүгінде  біз бұл орайда  біраз жетістікке жеттік.Сондай-ақ, біздің экономикамызға соңғы 5 жыл ішінде 160 млрд келіп түсті. Біздің тартымды ортаны құруға ұмтылуымызды  Дүниежүзілік банк қолдады», - деді Премьер-Миничстр.

Камила Амирова 




Яндекс.Метрика