Евразиялық одақ

Үш елдің бизнесі мемлекеттік тапсырыс саласындағы заңнаманы үндестіруге қатысады

Беларусь, Қазақстан мен Ресейдің Сауда-өнеркәсіп палатасы мемлекеттік тапсырыс саласындағы заңнаманы үндестіруге қатысады. Бұл туралы Минскіде өтіп жатқан ТМД елдерінің сауда-өнеркәсіп палатасы жетекшілері кеңесінің отырысында Ресейдің Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Сергей Катырин мәлімдеді,деп БЕЛТА ақпараттық агенттігі хабарлады.
Әлемде21 Мамыр , 11:42

«Үш елде де мемлекеттік тапсырысқа қатысты өздерінің заңнамалық базасы қалыптасқан. Мысалға, Ресейде мемлекеттік тапсырысқа қатысу үшін құжат дайындау міндетті емес. Беларусь пен Қазақстанда тиісті сертификаттар қажет етіледі. Біз сандық көрсеткіш жағынан бірдейміз. Яғни, үш елде де өз өндірушілері үшін 15% деңгейіндегі преференция белгіленген. Ал қалғандарында айырмашылық бар. Енді осыларды үндестіру қажет», - дейді С.Катырин.

Сергей Катыриннің айтуынша, үш елдің СӨП жетекшілерінің отырысында тараптар 29 мамыр күні Астанада қол қойылуы жоспарланып отырған Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімге қоса жіберілетін нормативті-құқықтық базаны дайындауға сауда-өнеркәсіп палатасының қатысуын да талқылады.

«Келісімге қол қойылғаннан кейін заң күшіндегі актілер түзіледі. Олар қызметтің түрлі салаларын реттейтін болады. Біз осы тұрғыда өнімді пайдалану деңгейі мен мемлекттік тапсырыс мәселесін реттейтін Кедендік кодексті жетілдіруіміз қажет. Палаталар арасында барлық келісім құрылған», - деді ол. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика