Евразиялық одақ

Т. Сүйлеменов ЕАЭО бірыңғай нарығының үш саласы туралы баяндады (ФОТО)

Бүгін VII Астана экономикалық форумы шеңберіндегі «БЭК бизнес-диалогының іскерлік конгресі: Еуразиялық экономикалық одақ жолы» атты панельді сессия барысында Еуразиялық экономикалық одақтың экономика жән қаржы саясаты бойынша Мәскеудегі алқа мүшесі (министр) Тимур Сүлейменов ЕАЭО аясындағы қызметтің бірыңғай нарығының үш секторы туралы айтты.
Астана қаласы 21 Мамыр, 11:21

«Бірыңғай қызмет нарығын біз үш салаға  бөлдік. Бірінші сектор – Бірыңғай нарықтың барлық талаптарына сай қызмет салалары. Яғни, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет аталмыш саланы реттеудің ағымдағы шарттарын төмендетіп алмау, осы нарыққа Одақ елдері кәсіпкерлерінің қолжетімділігін шектемеу туралы міндеттемені мойнына алады», - дейді ол.

Қызметтің екінші санаты бірыңғай нарық шартына жету үшін елдердің салаларын реттеу шарттары айыратын өтпелі кезеңді анықтайтын сала.

«Ал олар әкімшілік ынтымақтастық құру, лицензиялар мен реттеуші органдар арасында ақпарат алмасу себебінен айырылады. Жалпы бұл шара Жол картасын құруды қарастырып, онда Ұлттық заңнамада ұлттық деңгейде қандай акттер қабылдануы көрсетіліп, қандай халықаралық келісімдерге қол қою қажеттілігі анықталады», - дейді Т.Сүлейменов.

Үшінші сала – бірыңғай нарықтың әлдеқандай себеп бойынша жұмыс істемейтіне қатысты.

«Бірінші кезектегі себептер қауіпсіздік пен қорғанысқа қатысты күрделі мәселелермен байланысты. Атап айтар болсақ, олар ядролық энергетика, ғарыш қызметі секілді салалар Бірыңғай нарықтан алынып тасталады. Сонымен қатар, бұл санатқа Бірыңғай нарықтың айқындаған максималды қолжетімдігіне мемлекеттің жағдай жасай алмаған салалары енеді», - дейді.

Оның айтуынша, бірыңғай нарық шарты 1 қаңтардан бастап өте ірі көлемдегі сала бойынша жұмыс істейді. 

Мадина Нұрбекова


 





Яндекс.Метрика