Адами капитал

Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан азаматтығын 948 мыңнан астам адам алған – Мемлекеттік хатшы

ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп Ақорданың баспсөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы21 Мамыр , 11:26

Отырыс барысында Қазақстан азаматтығын алу және одан шығу мәселелері қаралды. Мемлекеттік хатшы атап өткендей, еліміздің азаматтығын Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бері 948 мыңнан астам адам алған, оның көбісі соңғы жылдарға тиесілі.

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін елімізге ТМД елдерінен және алыс шет елдерден  келген түрлі ұлт өкілдері Қазақстанның жаңа азаматтары атанады.

Сонымен қатар, отырыста республикамыздың азаматтығын өзгертуге қатысты бірқатар ұйымдастырушылық және құқықтық мәселелер талқыланды.Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.




Яндекс.Метрика