Евразиялық одақ

ЕАЭО елдері 2025 жылға қарсы электр энергиясының бірыңғай нарығын құрады

Еуразиялық экономикалық одақ елдері 2025 жылға қарсы электр энергиясының бірыңғай нарығын құрады, бұл туралы бүгін VII АЭФ аясындағы «БЭК бизнес диалогының іскерлік конгрессі «Еуразиялық экономикалық одақ жолында» панельді сессиясында мәлімдеді.
Астана қаласы21 Мамыр , 11:02

«Жаңашылдықтар келісілген экономикалық саясат саласында ашылуда. Атап айтсақ, агроөндірістік саясатта бірыңғай экономикалық инфрақұрылымның құрылуы жоспарланған. Біз әлемдік трендтерді дамыту үшін ынтымақтастығымызды арттырып, оқиғаны талдауға кірістік. Сондай-ақ, агроөндірістік және өндіріс саласы бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселесі де қаралуда», - деді Т. Жақсылықов.

Оған қоса, ол жеке салалар мен үйлестірілген реттеу тәжірибешілер арасында бірыңғай нарықтың қалыптасуы туралы келісім шарт бар  екенін атап өтті. «Фармацевтикалық тауар нарығына келетін болсақ, бұл өте сезімтал нарық болғандықтан үнемі қадағалау үстінде болады».

«2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап фармацевтикалық дәрілердің бірыңғай нарығы құрылады», - деді вице-министр.

«Біз энергетика саласында ортақ нарыққа қосылатынымыз туралы атап өттік. Бұл электр энергиясы мен мұнай, мұнай өнімдеріне қатысты. 2025 жылға таман мұндай нарық құрылады. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін  бірыңғай көліктік-газ саласын құру да жоспарда бар», - деді Т. Жақсылықов.

Камила Амирова




Дерекнама

Яндекс.Метрика