Евразиялық одақ

ЕАЭО үш ел арасындағы ықпалдастықты дамытады – С.Радаев

ЕАЭО Келісіміне қол қойған күннен бастап Ресей, Беларусь пен Қазақстан арасындағы интеграциялық үрдістер дамуының жаңа кезеңі басталады, дейді Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Техникалық реттеу департаментінің директоры Сергей Радаев.
Астана қаласы29 Мамыр , 12:14

«Бұл одақтың Қазақстанға берері не? Отандық кәсіпкерліктер ортақ нарықтағы әріптестерінің арасында қалай жұмыс істейді? Өздеріңізге де белгілі, мемлекеттер эконмикасының деңгейі әр алуан. Осы орайда біздің интеграциялық бірлестіктің негізгі  күші Ресей Федерациясы болып табылады. Жалпы, Ресей мен Беларусь өңдеуші өнеркәсіпте үлкен тәжірибеге ие. Ал Қазақстанға келер болсақ, біздің елде кәсіпкерлік ашу, салық салу жағынан айтарлықтай жеңілдіктер бар», - дейді С.Радаев.

Оның айтуынша, біздің әріптестер машинақұрылысы, тамақ өнеркәсібі секілді өндіріс өнімдерінің ортақ нарыққа шығуына қояр талаптары жоғары болып отыр.

«Бұл біздің кәсіпкерлер үшін бәсекелестікке тойтарып беру сынағы десек артық айтқандық емес. Бұл өз кезегінде Одақтың бірыңғай реттеу талаптарының бекіткен қауіпсіздік көрсеткіштерін ұстанудағы зертханалық қамтамасыз етуге де қатысты. Аталмыш жұмысты атқару үшін бюджеттен жеткілікті деңгейде қаражат бөлінеді. Бұл отандық өндіріс сапасын арттырып, екі жаққа да пайдалы болмақ», - деді ол.

Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Техникалық реттеу департаментінің  директоры Сергей Радаевтың мәліметінше, Келісім жобасын дайындау барысында отандық кәсіпкерліктің қаупін төмендету жағы да ескерілген. 




Яндекс.Метрика