G-global

Бүгін VII Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады

Бүгін VII Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастайды. 21-23 мамыр күндері, үш күн ішінде, Қазақстан Республикасының бас қаласында басты заманауи экономикалық және әлеуметтік қауіп-қатерлермен күрес бойынша шешімдерді іздестіру үшін жаһандық көшбасшылар, сарапшылар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері бас қосады.
Астана қаласы21 Мамыр , 09:28

2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткізілген бірінші АЭФ-нан кейін, форум жыл сайын өзекті заманауи экономикалық және әлеуметтік қауіп-қатерлермен күрес бойынша шешімдерді іздестіру үшін жаһандық көшбасшылар, сарапшылар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің басын қосатын маңызды шараға айналды. АЭФ-тің  негізгі ұйымдастырушысы «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Қауымдастығы.

2010 жылдан бастап форум Қазақстандағы басты инвестициялық шараға айналды, оның аясында жалпы сомасы 11.2 млрд. АҚШ долларын құрайтын 193 меморандум мен келісімдерге қол қойылды.

Биыл VII АЭФ-тің басты тақырыптары теңдестірілген экономикалық өсімді қамтамасыз ету және жаһандық даму мәселелері төңірегінде болады. Форум әлемдік экономиканың өзекті мәселелерін талқылап, соған байланысты ұсыныстарды өңдеу жұмыстарын жалғастырады.

2014 жылдың 21-22 мамыр күндері АЭФ алаңында ІІ Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік Конференцияны (ДҚДК) өткізу жоспарлануда. Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция Бреттон-Вудс жүйесінің 70 жылдығында өткізілетін және БҰҰ-на арналған Әлемдік Дағдарысқа қарсы Жоспар Тұжырымдамасының  жобасын әзірлеуге және қабылдауға бағытталған басты халықаралық шара. ІІ ДҚДК-ның негізгі бағдарламасы Пленарлық отырыстан, ашық дебаттар форматындағы 2 шара мен 3 панелдік сессиядан, әлемдік экономиканың теңдестірілген өсімін қалыпқа келтіруге бағытталған қаржы және экономика министрлерінің Диалогынан, сонымен қатар,  Әлемдік Дағдарысқа қарсы Жоспар Тұжырымдамасының Жобасын мақұлдау жоспарланған ҚР Премьер-министрінің 22.05.2014 ж.  қатысуымен өткізілетін дәстүрлі көшбасшылар диалогынан тұрады.

Форумның бағдарламасы 100-ден астам тең-ұйымдастырушылардың, оның ішінде 50-ден астам халықаралық ұйымдардың, Қазақстандағы шетелдік елшіліктердің және ҮЕҰ-дың, ҚР-ның 20 іскери ұйымы мен ұлттық компанияларының, 15 ғылыми зерттеу институтының, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 15 мемлекеттік органының қатысуымен жалпы 70 шарадан тұрады.

VII АЭФ барысында «Kazakhstan Investment EXPO - 2014» халықаралық инновациялық-инвестициялық  көрмесі өткізіледі.  Ол халықаралық қоғамдастыққа Қазақстанның ұлттық инвестициялық жобаларын және бағдарламаларды көрсететін, ҚР жылдамдатылған индустриалды-инновациялық дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламасының екінші бес жылдығының басымдықтарын көрсететін, инвестициялық жағдайдың жақсаруы мен тікелей шетел инвестицияларын тарту, заманауи технологиялар трансфертін тарту үшін қажетті және келісім-шарттар мен меморандумдарға қол қойылатын  жыл сайынғы  платформа болуы мүмкін.

Сонымен қатар,  VII Астана экономикалық форумы аясында   «G-Global: XXI ғасыр әлемі» I Халықаралық журналистика саммиті  өтеді. Саммит аясында панельдік сессиялар мен ТВ дебаттар ұйымдастырылады. Саммит экономикалық сектор, жаһандық журналистика және соңғы технологиялардың өзара әрекеттесуінің ақпараттық платформасын құру мақсатын көздейді.

Дағдарысқа қарсы конференция министрлер, орталық банктердің, халықаралық сарапшылар мен БҰҰ-на мүше мемлекеттердің ресми өкілдері деңгейінде өткізілетін болады. VII Астана экономикалық форумының негізгі міндеттері - әлемдік экономиканы дамыту бойынша G20 саммитінде G20 елдерінің басшыларына, халықаралық және өңірлік ұйымдардың жетекшілеріне әлемдік экономиканы дамыту бойынша ұсыныстары әзірлеу,  Әлемдік Дағдарысқа қарсы Жоспар Тұжырымдамасы  Жобасының 16 бағыты бойынша шараларды ұсыну, Қазақстанның халықаралық бастамаларын алға тарту, қорытынды инвестициялық келісімдерге қол қою, іскери байланыстарды оңалту үшін қатысушыларға жағдай жасау.

VII АЭФ пен ІІ ДҚДК жұмысына әлемнің 150 елінен 10000 делегат қатысады. Олардың ішінде 143 БҰҰ-на мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының өкілдері бар.




Яндекс.Метрика