Халықаралық интеграция

Шанхайда АӨСШК саммиті ашылды

Бүгін 21 мамырда Шанхайда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті өз жұмысын бастады.
Әлемде21 Мамыр , 09:16

Саммитке қатысушылар АӨСШК аясында сенім мен өзара қарым-қатынас, аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылайды.

Бұған дейін айтылғандай, саммитке 46 мемлекет пен халықаралық ұйымдардан, оның ішінде 12 мемлекет және үкімет басшысы, 10 халықаралық ұйымның басшысы қатысуда.

Атап айтқанда, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин, БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун және басқа да бірқатар кеңеске қатысушы мемлекет басшылары бар. 

 


 

 




Яндекс.Метрика