Халықаралық интеграция

АЭФ аясында Үкімет пен ЕҚДБ серіктестік туралы келісімге қол қояды

VII Астана экономикалық форум аясында ҚР Үкіметі мен ЕҚДБ ынтымақтастықты нығайту бойынша келісім шарт орнатады, деп ҚР Қаржы министрлігінде хабарлады.
Астана қаласы20 Мамыр , 21:44

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары-Қаржы министрі  Бақыт Сұлтанов пен ЕҚДБ  атқарушы директоры Оливье Декамппен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Еуразиялық қайта құру және даму банкінің екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Атап айтсақ, 23 мамыр күні АЭФ аясында ҚР Үкіметі мен ЕҚДБ арасындағы келісімге қол қою шарасы қарастырылды.

«VII Астана экономикалық форум аясында күтіліп отырған шара, яғни Үкімет пен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық келісім шарасы біздің елдердің арасындағы тұрақты дамуды нығайтып, банк арасындағы ынтымақтастықты күшейтеді», - деді Б. Сұлтанов.

Тараптар аталмыш құжат  Қазақстандағы экономикалық дамуды жетілдіруге септігін тигізетіндігін атап өтті.

«Бұл келісім біздің саяси және инвестициялық  диалогімізді жаңа толқынға шығарады», - деді Оливье Декамп.




Яндекс.Метрика