Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Терминологиялық сөздік: «А» корпусы

Strategy2050.kz ақпараттық агенттігі ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауындағы терминдер мен ұғымдарды жариялауды бастайды.
Астана қаласы20 Мамыр , 19:56

«А» корпусы – кадрлық резервке тағайындау, конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметті атқару мен тоқтату тәртіптері Қазақстан Республикасы Президенті тарапынан және де арнайы біліктілік талаптары арқылы белгіленген басқару деңгейіндегі әкімшілік мемлекеттік лауазымдар (Қазақстан Респубикасының 1999 ж. 23 шілдесіндегі № 453 «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы, 2012 ж. 14 желтоқсанындағы № 59-V «Мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы).

«А» басқару корпусы – мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын және саяси шешімдер шығару мен оны тікелей орындау арасындағы байланыстырушы буын болып саналатын мемлекеттік қызметкерлер.

Корпус құрамына министрліктердің жауапты хатшылары, облыстар, Алматы және Астана қаласы әкімдері аппараттарының жетекшілері, комитет төрағалары, аудан әкімдері, Премьер-министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері, Президент Әкімшілігінің сектор меңгерушілері кірген.

Қазақстанда меритократия принциптеріне негізделген мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісі жасалынуда, яғни кадрларды таңдау мен өсіру барысында еңбегін ескеру, мемлекеттік қызметке алу кезеңіндегі байқаулық тәртіптің тиімділігі, әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету сақталынады.

Меритократия – мемлекеттік қызметкердің жеке еңбегіне негізделген жүйе. Меритократия ұстанымына келесі элементтер кіреді:

- мемлекеттік қызметке алыну және жылжу барысындағы міндетті байқаулық таңдау;

- мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық және әлеуметтік қамсыздандырылуы;

- біркелкі жұмыс үшін теңдей жалақы төлеу;

- өз қызметінде айтарлықтай жетістіктерге жеткен мемлекеттік қызметкерлерді марапаттау;

- мемлекеттік қызметкерлердің қызметінің нәтижелерін жақсарту мақсатында ұдайы түрдегі білімін көтеру.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес 2013 ж. мемлекеттік қызметтің «А» корпусының кадрлық резервін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілді. 2013 ж. 4–21 маусымы аралығында комиссияның 14 отырысы өтті, онда тестілеуден өткен 1121 талапкердің әрқайсысымен әңгімелесу жүргізілді. Нәтижесі бойынша комиссия «А» корпусының кадрлық резервіне 940 талапкерді қабылдау туралы ұсыныс жасады. Бұл жерде тестілеудің қорытындысы, қалалар мен аудандардың даму рейтингісі, мемлекеттік органның тиімділігі және де құқық қорғау органдарының мәліметтері негізге алынды. Таңдауға қатысуға барлығы 2024 адамнан өтініш қабылданған болатын.

Осылайша, Елбасының «Қазақстан-2050: стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес елде қатаң түрдегі іріктеу негізінде мемлекеттік саясаттың нақты бағытын жүзеге асыруға жауапты кәсібі басқарушылардың айрықша бір жаңа тобы – «А» корпусы қалыптастырылды.

Қазіргі таңда білім беру үлгісін жетілдіру арқылы жаңа көзқарастағы басқарушыларды дайындауға бағытталған оқыту жұмыстары жүргізілуде. Ол тыңдаушыларына «А» корпусының басқарушы бейімділіктерін беруге негізделген: стратегиялық ойлау, ұйымдастырушылық, қарымқатынасқа бейімділік пен жетістікке бағытталғандық. Бұл жоғарғы буын үшін жеке мемлекеттік мекемеде менеджер-экономикалық капиталына қол жеткізу болып саналады.

Айта кетейік, Strategy2050.kz ақпараттық портал базасында ҚР Президентінің «Қазақстан-2050»: Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы бойынша интерактивті терминологиялық анықтамалықты таныстырылған болатын. Терминологиялық сөздіктің толық нұсқасын мына жерден оқи аласыз.




Яндекс.Метрика