Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

АЭФ аясында тиімді басқаруға қатысты семинар өтті

VII Астана экономикалық форумы мен II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ҚР Президенті жанындағы Мемлкеттік басқару академиясы, Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласының Өңірлік хабы хатшылығы мен Қазақстандағы БҰҰ Дамуымен бірлесе отырып «Басқарушы тиімділігі» тақырыбында семинар өткізді.
Астана қаласы20 Мамыр , 18:48

Семинарға алыс және жақын шетелден келген мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет саласындағы атақты ғалымдар,сарапшылар қатысты.

Шарада Америка Құрама Штаттары мемлекеттік қызметкерлерінің басқарма кеңсесі жанындағы Басқарушылардың біліктілігін арттыру федералды институтының (FEI) экс-директоры, Оңтүстік Калифорния Университетінің құрметті мемлекттік басқару профессоры Честер Ньюланд сөз сөйледі.

Айта кету керек, семинарға ҚР Мемлкеттік қызмет істері агенттігі өкілдері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет агенттігінің профессорлық-оқытушылық  құрамы, ғылыми қызметкерлері, докторанттар, БҰҰ ДБ мен Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласының Өңірлік хабы хатшылығы қызметкерлері қатысты. 

 

 




Яндекс.Метрика