Ақылды экономиканы дамыту

Қазақстанда АЭА басқарудың жаңа пішіні қалыптасуда

Бүгін арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының II Съезінде индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Ерлан Сағадиев Қазақстанда АЭА басқарудың жаңа пішіні қалыптасып жатқандығы туралы мәлімдеді.
Астана қаласы20 Мамыр , 18:17

«Ең бастысы АЭА басқарудың жаңа пішіні қалыптасуда. Ол екі бөліктен құралады. Оның бірінші және маңызды бөлігі – АЭА дамуына персоналды жауапкершіліктің көбеюі. Пакеттің негізгі үлесі салалы министрліктер мен ұлттық компанияларға берілетін болады. Сол жерде оның персоналды жауапкершілігі бекітіледі. Басқарушы компаниялардың рөлі күшейтіліп, олардың біліктіліктері артады», - деді Е. Сағадиев.

Сондай-ақ, Қазақстанда инфрақұрылымды дамыту құрылысы жалғасатын болады.

«АЭА-ның  «Актау Теңіз порты», «Астана-жаңа қала», «Оңтүстік», «Сарыарқа», «ПИТ», «Бурабай» 6 инфрақұрылымы салынды. 4 АЭА құрылысын қаржыландыру, «Ұлттық индустриялды мұнайтеххимиялық технопаркі», «Химпарк», «Тараз», «Қорғас-Шығыс қақпасы», «Павлодар» бойынша Үкімет жаңа жолдарды қарастыруда. Оның ішінде Ұлттық қордағы қаражат та есепке алынады», - деді индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі.

Мадина Нұрбекова




Дерекнама

Яндекс.Метрика