Халықаралық интеграция

Е. Досаев пен О.Декамп Қазақстан мен ЕҚДБ ынтымақтастығының сұрақтарын талқылады

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев және Түркия, Шығыс Еуропа елдері, Кавказ бен Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Оливье Декамппен Қазақстан мен Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің (ЕҚДБ) екіжақты ынтымақтастығы жайлы талқылады.
Астана қаласы20 Мамыр , 17:54

Министр атап өткендей, «Қазақстанның стратегиялық басымдылықтарын жетістікке тиімді жеткізу үшін ҚР Үкіметі халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты ұлғайтуды жоспарлап отыр»,  деп ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде хабарлады.

«Бұл дегеніміз, диверсификацияны күшейту мен Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, шикізат емес секторларға инвестициялар тарту, жекеменшік кәспкерлікті және адамдық капиталды дамыту, ШОБ мен институционалды негізге қолдау көрсету», - деп түсіндірді Ерболат Досаев.

Ағымдағы жылдың 23 мамырында VII Астаналық экономикалық форум аясында ҚР Үкіметі мен ЕҚДБ серіктестік жөніндегі шекті келісімге қол қойылады деп күтілуде.

Қазақстанда серіктестік жөніндегі шекті келісім Дүниежүзілік Банк Тобымен - $2,5 млрд. және Азиялық Даму Банкімен - $1,6 млрд. қол қойылған.




Яндекс.Метрика