Ұлттың денсаулығы

Астанада 375 орындық мектеп-интернат ашылады

Елордада Көктал кентінде мүмкіндігі шектеулі 375 балаға арналған коррекциялық мектеп-интернат салынады.
Астана қаласы20 Мамыр , 17:18

Нысан құрылысын наурыз айында бастап 2015 жылғы желтоқсанда аяқтау көзделген, деп astana.kz порталы хабарлады. Қазіргі уақытта діңгектер қағылып, құрылыс-монтаждау жұмыстары қолға алынды.

Жоспар бойынша ғимарат түрлі мақсаттағы 8 блоктан тұрады. Көру және есту қабілеті нашар, тірек-қимыл аппараты бұзылған және кемшіліктері бар балаларға арналған әрқайсысы 125 орындық үш жеке блок болады.

Мектептің келесі блоктарында спорт залы мен бассейн, оқу-өндірістік шеберханалар, балалар шығармашылығына арналған бөлмелер болады. Тұрмыстық жайлар мен қонақ бөлмелерге жеке блок бөлінген. Алдағы уақытта салынатын мектепті асхана мен медициналық блок біріктірмек.

Аталған мекеме мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелерін шешуге септігін тигізетіндіктен, оның елорда үшін әлеуметтік маңызы зор. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика