Макроэкономикалық саясатты жаңғырту

Мемлекеттік бағдарламалардың шығынына лимит қойылады

2015 жылдан бастап мемлекеттік бағдарламалардың шығынына лимит қойылады. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
Казахстан31 Тамыз , 00:00

«Елбасының Жарлығына сәйкес, жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасы бекітілген. Сол тұжырымдама ішінде елімізде 2020 жылға дейін бюджеттік саясатты жүзеге асырудың бағыттары мен оны қалыптастырудың негізгі жолдары айқындалған» .

«2015 жылдан бастап мемлекеттік бағдарламалардың шығынына лимит қойылады. 2014 жылдан кейін мемлекеттік бағдарламалардың барлығын тексеріп, олардың қаржысын мемлекеттік органдармен бірге отырып қайта қарап шығамыз. Лимитті 2015 жылдан бастап енгізуіміздің себебі, елімізде әлі бірнеше мемлекеттік бағдарлама жасалады, солар аяқталып біткен соң, барлығын бірге қараймыз», - деді министр журналистердің сұрағына жауап бере отырып.




Яндекс.Метрика