Евразиялық одақ

Жаңа Кедендік кодексте үш ел бизнесінің мүддесі ескеріледі - В.Гошин

ЕЭК Кедендік ынтымақтастық министрі Владимир Гошин VI жыл сайынғы шағын және орта бизнесті дамыту форумында сөз сөйледі, деп Еуразиялық экономикалық комиссиясының ресми сайты хабарлады.
Астана қаласы20 Мамыр , 19:04

19 мамырда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Владимир Гошин VI жыл сайынғы шағын және орта бизнесті дамыту форумына қатысты. Шараны «Опора России» шағын және орта кәсіпкерліктің жалпыресейлік қоғамдық ұйымы мен «Ведомости» басылымы бірлесіп ұйымдастырды.

Владимир Гошин өз баяндамасында ЕЭК кедендік блогы өткізіп жатқан Кедендік Одақтың Кедендік кодексін жетілдіру жұмыстарын тілге тиек етті. Дәлірек айтатын болсақ, жобаның жаңалықтары мен Кедендік одақтағы кедендік әкімшілік саласындағы түйінді мәселелерді жан-жақты әңгімеледі. 

«Біз жаңа Кедендік кодексті Қазақстан, Ресей, Белорусия мемлекеттерінің іскер қауымдастығымен бірлесіп жасақтаудамыз. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің мүддесін барынша ескеріп, шағын және орта бизнесті барынша дамытуға жағдай жасауға тырысудамыз», - деп Владимир Гошин баса айтты.




Яндекс.Метрика