Евразиялық одақ

ЕАЭО Қазақстан экономикасын жедел дамыту мүмкіндігіне ие – Қ.Әбсаттаров

Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстан экономикасын жедел дамыту мүмкіндіктеріне ие, дейді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қолдау вице-министрі Қайрат Әбсаттаров.
Астана қаласы29 Мамыр , 12:47

«Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Келісімге қол қою қарсаңындағы ынтымақтастықтың барлық факторы  біз үшін пайдалы. Еуразиялық интеграцияның экономикалық әлеуетінің жоғары екенін біз қазірдің өзінде байқап отырмыз. Еңбек миграциясы өсіп келе жатыр. Өздеріңіз де байқап отырғандай, біздің өңір көршілес өңірлермен әріптестік қатынас орнатқан. Бұл өз кезегінде түрлі салалар бойынша кәсіпкерліктің дамуы мен тәжірибе алмасуына оң ықпал етпек. Нәтижесінде кәсіпкерліктер арасында бәсекелестік артады», - дейді Қ.Әбсаттаров.

Оның айтуынша, Қазақстанның ДСҰ-ға ену қарсаңында кәсіпкерліктің дамуы өте маңызды.

«Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстан экономикасын жедел дамыту мүмкіндіктеріне ие. Одақтың болашағы зор», - дейді вице-министр.

Жалпы, Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құрылуы мемлекеттер арасында тауар, қызмет пен жұмыс күші және капиталдың еркін алмасуына жол ашады.

Сонымен қатар, қызмет алмасу еркіндігі БЭК қатысушы мемлкеттердің инвестициясы мен қызмет саудасы туралы Келісімге негізделмек.

Камила Амирова




Дерекнама

Яндекс.Метрика