Евразиялық одақ

ЕАЭО инновацияны кедергісіз игеруге мүмкіндік береді - В.Голоухов

ЕАЭО инновациялық технологияны еш кедергісіз және қағазбастылыққа салынбастан игеруге мүмкіндік береді. Осылайша іс-жүзінде өндірістің жаңғыруына септігін тигізеді, деп есептейді «Автокомбинат» АҚ директоры, Батыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты Валерий Голоухов.
Батыс Қазақстан29 Мамыр , 08:42

«Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске асып отырған Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімге қол қою ХХІ ғасырдың тарихи жаңалығы деп бағалар едім. Біз бұл мақсатта ұзақ жол жүріп, қыруар шаруаны бітірдік. Осы ретте үш мемлекеттің Қазақстан, Ресей мен Беларусьтің  Кедендік Одағын атап өтсе болады», - деп есептейді кәсіпорын директоры.

Сонымен қатар, ол, Батыс Қазақстан облысының  Ресей Федерациясының ірі бес өндірістік-аграрлық аймақтарымен экономикалық, ғылыми техникалық және мәдени байланыс орнатуда тәжірибесі мол, деп атап өтті.

«Мына Келісімге қол қойылған соң жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады. Ал, әбден сынақтан өткен ынтымақтастық жаңа леппен дами түседі. Бұл үрдістің артықшылығы  саясаттандырылмағандығында. Керісінше, ЕАЭО инновациялық технологияны еш кедергісіз және қағазбастылыққа салынбастан игеруге мүмкіндік береді. Осылайша іс-жүзінде өндірістің  жаңғыруына септігін тигізеді», - деп халық қалаулысы өз ойын түйді.   




Дерекнама

Яндекс.Метрика