Евразиялық одақ

ЕАЭО туралы Келісім үш елдің ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтереді - Р.Сапарғалиев

Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісім Қазақстан, Ресей мен Беларусь мемлекеттерінің ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеретін тарихи құжат болып табылады. Бұл туралы БҚО кәсіпкерлік және индустриялды - инновациалық даму басқармасының бастығы Руслан Сапарғалиев мәлім етті.
Батыс Қазақстан29 Мамыр , 08:30

«ЕАЭО туралы қабылданған  Келісімде мемлекеттік сатып алуларды реттейтін және бекітетін талаптар туралы бөлімді бизнес қауымдастықтар үшін атап өтсем деп едім. Атап айтатын болсақ, бұл бөлім осы Келісімге қол қойған мемлекеттердің кәсіпкерлеріне бірдей ұлттық мемлекеттік сатып алу саласына кіруге мүмкіндік беріп отыр. Демек, олар бір-бірінің мемлекеттік сатып алуына заңды түрде кіруіне жағдай жасауда. Бір сөзбен айтқанда, кәсібінің тасын өрге домалатам деген кәсіпкердің алдында 198 млрд. долларды құрайтын, Қазақстанның нарығынан 26 есе үлкен  нарықтың есігі ашылды», - деп Р. Сапарғалиев баса айтты.

Сонымен қатар, ол, ЕАЭО мүшелік ету бірыңғай көлік жүйесі мен қолайлы инвестициялық климат жасақтауға ықпал етеді, деп атап өтті.

«Сонымен, Кедендік одақтың кәсіпкерлеріне сүйене отырып мысал келтіруге болады. Одақты құрған кезден бастап мемлекеттер арасында жүк айналымы жеңілдеді және Қазақстанның өңдеу секторына шетелдік инвестицияларды тарту  көлемі екі есе өсті. Мәселен, 2012 жылы 3,4 млрд. доллар инвестиция тартылса, 2009 жылы ол небәрі 1,8 млрд. долл. құраған еді», - деді Р. Сапарғалиев.




Яндекс.Метрика