Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

«Саламатты Қазақстан» пойызы Қостанай облысының елді мекендерін аралауда

«Саламатты Қазақстан» пойызы Қостанай облысының аудандарын аралап, стансылардағы аялдамалар кезінде науқастарды қабылдауда.
Қостанай31 Тамыз , 00:00

Шоққарағай стансасында Астананың Ұлттық орталығымен және Медициналық академиямен бейнемәжіліс өткізілді. Нәтижесінде екі науқасқа тегін оталарға квоталар берілді.

Емдеу-диагностикалық пойызы Елбасының тапсырмасымен құрылған болатын. Бұл - ҚР ТЖМ, Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның бірлескен жұмысының нәтижесі. Облыс аумағындағы барлық қызметті темір жол ауруханасының мамандары көрсетуде.

Денсаулық пойызы Қостанай өңірінен Ақмола облысына бет алмақ. Бір күнде 14 дәрігер 200 адамды тексеріп үлгереді. Науқастар саны офтальмолог, маммолог және невролог мамандарына көп. 




Яндекс.Метрика