Инфрақұрылымды дамыту

Семейдегі ТҮКШ-ті жаңғырту проблемасы ШҚО жұртшылық кеңесінің отырысында талқыланды

Семейде қала әкімі А.Кәрімовтың қатысуымен облыстық жұртшылық кеңесінің көшпелі отырысы өтті.
Шығыс Қазақстан27 Желтоксан , 00:00

Шараға Семей қаласының жұртшылық кеңесінің барлық мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылды. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, күн тәртібінде Семей қаласында жақында жаңадан құрылған жұртшылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру мәселелері мен Семей қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту проблемалары қарастырылды.

«Облыстан келген қонақтар, облыстық жұртышылық кеңесінің төрағасы В. Лопаткин және төраға орынбасары О.Чернышов облыстық жұртышылық кеңесі жұмысының принциптерімен таныстырып, тәжірибелерімен бөлісті. Семей қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық проблемаларын шешу бойынша мемлекеттік органдардың жұмысы туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Д.Гариков баяндады», - делінген ақпаратта.




Яндекс.Метрика