Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау

Ақмола облысында «Алпамыс» балабақшасы жөндеуден өтті

Ақмола облысы Астрахан ауданында «Алпамыс» балабақшасы жөндеуден өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ақмола27 Желтоксан , 00:00

Мердігер компания «Әл-Фараби» ЖШС (Астана қ) жұмсақ жабыны мен ғимараттың қасбетіне жөндеу жүргізді. Сонымен қатар терезелер ауыстырылып, жаңа есіктер, сантехника, шойын радиаторлары орнатылған. Баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, электр жарығы және желдету жүйесі толығымен жаңартылыпты.

Балабақшаға күрделі жөндеу жүргізуге облыстық бюджеттен 50 млн теңге бөлінген. Ал жергілікті бюджет қаржысына балабақшаға жаңа жиһаздар алынды.

Қазір балабақшаға 3-6 жас аралығындағы 140 бүлдіршін барып жүр. Мемлекеттік және орыс тілдерінде бес топта балалар тәрбиеленеді. Денсаулығы нашар балаларға арналған шипажайлық топ жұмыс істейді. Медициналық қадағалау мен тамақтану режимін қажет ететін балалар ерекше күтім жасалады. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика