Евразиялық одақ

А. Соловьева: ЕАЭО Қазақстанның тұтыну нарығын кеңейтеді

Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Келісімге қол қою – Қазақстан үшін тұтыну нарығын, кеңейтуге мүмкіндік береді, дейді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева.
Астана қаласы29 Мамыр , 19:23

«Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы құжатты қазақстандық, ресей және беларусь тарапының сарапшылары дайындады, сонымен қатар Арменияның Еуразиялық одаққа кіру мүмкіндігі ескерілді. Жол картасы дайын, ендігі қалғаны құжатқа қол қою. Жалпы, еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Келісім ірі құжат болып табылады», - дейді А.Соловьева.

Оның айтуынша, интеграция процесі 2050 Стратегиясында аталған міндеттемелерге толықтай үйлеседі.

«Біз индустриялды-инновациялық стратегия дайындадық, осыны сататын кәсіпкерлік дайындалып жатыр. Біздің көршілеріміз – Ресей, Қырғызстан,  Қытай, Өзбекстан. Одақтың құрылуы отандық кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттіліктерін арттырады. Кәсіпкерліктерді ширата түседі. Кімнің қай бағытта жұмыс істейтінін нақты анықтап алу керек. Көршілерімізбен араласа отырып жаһандық  интеграцияны қалайша орынды пайдалана аламыз? Қандай салаларды басымдылықта ұстаймыз? Басты міндет – экономикалық интеграция», - дейді депутат.

Сонымен қатар, ол биылғы жылдың күзінде келіссөздер аяқталғаннан кейін ДСҰ-на ену шараларын қолға алатынымызды айтты.

«Бұл бізді шыңдап, үлкен нарыққа шығу жолы», - дейді А.Соловьева.

«Менің пікірімше, бұл процесс түбі болатын нәрсе. Бұл Қазақстан үшін тұтыну нарығын, кеңейтуге деген үлкен мүмкіндік. Сонымен қатар, осы арқылы бәсекеге қабілеттілігіміз артады. Бұл Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан «мүмкіндіктер терезесі», - дейді депутат.




Яндекс.Метрика