Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен ШОБ дамыту

Сандықтауда асыл тұқымды мал шаруашылығы дамуда

Сандықтау ауданындағы «Сандықтау» ЖШС-да шаруашылықтағы мал басының сапалы көрсеткішін жақсарту үшін Канададан Герефорд тұқымды 165 бас ірі қара мал сатып алынды.
Ақмола27 Желтоксан , 00:00

Ақмола облысының баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған жоба етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында өңірде осымен екінші жыл жүзеге асырылып келеді. 

Бағдарламаның мақсаты ірі қара малдың санын арттыру, ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту. 

Сондай-ақ, етті малдың генетикалық әлеуетін және тауар сапасын жақсарту осы бағдарламаның басты мақсаттарының бірі. 

Сандықтау ауданындағы «Сандықтау» ЖШС қазақтың ақбас тұқымды ірі қараны өсірумен айналысатын асыл тұқымды мал шаруашылығы боп табылады. Аталған жоба «ҚазАгроқаржыландыру» АҚ желісі бойынша жобаны 25% тең қаржыландырудағы лизинг жүйесімен жүзеге асырылуда.




Яндекс.Метрика