Евразиялық одақ

Біз Қазақстанда субсидиялаудың тәуелсiз саясатын сақтап қалуымыз керек – Т. Доскенов

Біз Қазақстанда субсидиялаудың тәуелсiз саясатын сақтап қалуымыз керек. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиум мүшесі Талғат Доскенов мәлімдеді.
Астана қаласы29 Мамыр , 17:34

«Еуразиялық экономикалық одақ аясында комиссия мен өнеркәсiп саласындағы арнайы субсидияларды келiстiру артық деп ойлаймын. Қазақстанда үдемелi индустриялды бағдарлама, бизнестiң жол картасы-2020 және тағы да басқа қолдау шаралары жүргiзiледi. Бiз осы тәрiздi субсидиялаудың тәуелсiз саясатын сақтап қалуымыз керек», - дедi Т.Доскенов. 

Сондай-ақ, ол ҰКП өзге маңызды сұрақтарды шешуге ұмтылып отырғандығын айтты.

«Ықпалдастыққа кедергі келтіретін бірқатар жұмыстар мен шектеулер баршылық. Бүгін интеграцияның басты кедергілері екіжақты сауда, техникалық, кедендік, ЕурАзЭО аясындағы реттеу болып табылады», - деді Т. Доскенов.

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика