ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Мектеп бітірушілер «Сенің таңдауың» жобасы арқылы қалаған мамандығын таңдай алады

Астанада мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесетін "Сенің таңдауың" жобасы бастау алды.
Астана қаласы08 Сәуір , 00:00

Аталған жоба аясында елордалық мектеп оқушылары қаланың өндіріс орындарымен танысып, оларға жоғары және орта оқу орындарына түсу талаптары мен одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтылады. 

Статистика бойынша, Астанадағы жоғары және орта оқу орындарында оқитындардың шамамен 79%-ы гуманитарлық, ал 21%-ы ғана техникалық білім алады. Сонымен қатар, қала нарығында техникалық мамандарға сұраныс 75%-ға жетіп отыр. Ал бос орындардың төрттен бір бөлігі ғана гуманитарлық сала мамандарына тиесілі.

Жобаны ұйымдастырушылардың пікірінше, оқушылар мамандықтардың көпқырлылығымен танысуға, әртүрлі мамандықтардың қыры мен сырын үйренуге, мамандардың жұмыс орындарын көруге мүмкіндік алады, сонымен қатар, кәсіпқой мамандармен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы сөйлесе алады.

«Сенің таңдауың!» жобасы биылғы жылдың 4 сәуірінде  басталды. Енді бір ай бойы 20 000-ға тарта жоғары сынып оқушысы қаланың ірі кәсіпорындарымен танысады. Олардың қатарында «Целингидромаш» ӨК, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, «Астана локомотив сервис орталығы» АҚ,  «Астана Полиграфия» АҚ, «Целинная» жеңсік тағамдар фабрикасы» ЖШС, «Концерн «Цесна-Астық» ЖШС және тағы басқа кәсіпорындар бар, - дейді шараны ұйымдастырушылар.

«Сенің таңдауың!» жобасы Астанада жылдың аяғына дейін жалғасады. 




Яндекс.Метрика