Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту

ҚР Үкіметі 50 жастан асқан тұлғаларды жұмыспен қамтудың кешендік жоспарын бекітті

Бүгін ҚР Үкіметі 50 жастан асқан тұлғаларды жұмыспен қамтудың Кешендік жоспары (Инициатива 50+) қабылдады, оны ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі республиканың зейнетақы жүйесін жетілдіру шеңберінде жасаған.
Казахстан30 Сәуір , 00:00
Аталған жоспар бүгінде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде жұмыс орындарын құруды қарастырады. 
 
Атап айтқанда, ол Үдемелі индустриялды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасына әйелдердің көптеп қатысуын, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде 50 жастан асқан тұлғалар арасында кәсіпкерлікті ынталандыруды қарастырады. 

Сонымен қатар, жеке қосалқы шаруашылықты дамыту мақсатында «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасымен  мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және шығарылатын өнімді қайта өңдеу бойынша жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. 
 
Бұдан өзге, жаңа «Агробизнес - 2020» бағдарламасы бойынша егде жастағы фермерлердің қаржылай ресурстарға және жаңа технологияларға қолжетімділікті кеңейту белгіленген. 
 
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов айтып кеткендей, «жұмыспен қамтудың арақашықтық формаларын пайдаланумен егде жастағы адамдарды жұмыспен қамтуға көмек бойынша шаралар, ауыл кооперативтерін және отбасылық фермалар құру қарастырылған».
 
Айта кету керек, 50 жастан асқан тұлғаларды еңбекпен қамту үшін жұмыс орындарын үлестеу бойынша еуропалық тәжірибені енгізу, кәсіби даярлау мен қайта даярлау, бюджеттік мекемелерде және мемлекттің қатысуы бар кәсіпорындарда жұмыс жасайтын осы жас категориясындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру қарастырылған. 



Яндекс.Метрика