Жемқорлыққа қарсы күрес

600 мың теңге пара алған мемлекеттік қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Елорданың қаржы полициясы департаменті Астана қаласы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті лицензиялау және аттестаттау бөлімінің жетекші маманына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Астана қаласы26 Желтоксан , 00:00

«Мемлекеттік қызметкер құрылыс-монтаж жұмыстарын жасауға лицензия алып беруге көмектескені үшін 600 мың теңге пара алған», – делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта Анисовтың лицензия алып беруге көмектескені үшін өзге де кәсіпкерлерден пара алуға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.

Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілуде. Оның қорытындысы жарияланады.  




Яндекс.Метрика