Евразиялық одақ

Еуразиялық бастама қатысушы елдердің тәуелсіздігін ескереді – Б. Қасымбеков

Қазіргі заманғы еуразиялық бастама қатысушы елдердің тәуелсіздігі мен саяси егемендігін ескереді, деп Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіптік комитеттің төрағасы Бақтыбай Қасымбеков мәлімдеді.
Астана қаласы29 Мамыр , 16:11

«Қазіргі заманғы еуразиялық бастама ең бірінші кезекте қатысушы-елдердің тәуелсіздігі мен саяси егемендігін ескереді. Бұл интеграциялық үрдіске қатысушы-мемлекеттердің негізі болып табылады. 1999 жылдың ақпан айында Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан КО мен БЭК туралы келісім орнатты. Олар интеграцияның үш деңгейін белгіледі: Еуразиялық Экономикалық қауымдастығы және еркін сауда аймағы, Кедендік Одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік», - деді Б. Қасымбеков.

Сонымен қатар ол, интеграция экономикалық субъектілердің  бірігуі мен тереңдеуі, өзара қатынасы және олардың арасында байланыстардың нығаюы екенін еске салды.

«Интеграцияның негізгі артықшылықтары - ұлттық егемендіктің нығаюы,  тауарлардың, капиталдың, қызметтің, жұмыс күшінің еркін айналымы, ішкі нарықтардың кеңеюі, жаңа технологиялар мен құралдардың таратылуы, экономикалық белсенділіктің артуы, аймақтық қауіпсіздіктің нығаюы мен инвестициялар ағымдарын ынталандыру болып табылады», - деп вице-министр толықтырды.




Дерекнама

Яндекс.Метрика